«Зейін»
12-10-2023 21:37

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  10 қазан 2023 жылы «Зейін» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныптарын өткізді.  Шара барысында  мектебімізден  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Айтқұлова «Мектеп оқушыларын көркем оқуға баулуда шағын жобалардың тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті. Өз тәжірибесімен  бөлісіп,  шағын жобалар оқушылардың оқу белсенділігін арттыру тәсілі екенін айтты.