"2023-2024 оқу жылындағы оқу- тәрбие процесінің ерекшеліктері"
"2023-2024 оқу жылындағы оқу- тәрбие процесінің ерекшеліктері" тақырыбында әдістемелік бірлестіктер отырысы өткізілді.
Бірлестік отырысының мақсаты:
1.Жаңа оқу жылына әдістемелік жұмысты ұйымдастыру,
2.Бірлестік отырысының отырыстарының жоспарын қарастыру.
3.ӘНХ-пен таныстырып,талдау/пәндер бойынша енгізілген өзгерістерді қарастыру/
Алдыға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте нормативті-құқықтық құжаттар базасы, нұсқаулар мен қажетті ережелерді басшылыққа ала отырып, 2023-2024 оқу жылының бірлестік жоспары талқыланды, өзгерістер енгізілді. Жоспарлауда отырыс тақырыптары, оқыту семинарлары, мұғалімдердің өз білімін жетілдіру жоспары және әдістемелік тақырыптары анықталды.