«Мектебім -мейірім мекені»
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023-2024 жаңа оқ жылының басталуына орай 1 қыркүйек – Білім күні «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбымен салтанатты жиын өтті.
Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндерін салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры А.Абдуалиева мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Айна Тілекқабыловна өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталды. Мектеп табылдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндер өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап ардагер ұстаз Қанат Д.К. және ата-аналар комитетінің төрайымы Мақсұтова Н.Х. сөз сөйледі. Салтанатты жиында мектеп оқушылары ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Салтанатты жиыннан соң барлық сынып оқушылары «Мектебім-мерейлі мекенім!» атты алғашқы білім күні сабағына қатысты.