«Мектебім -мейірім мекені»
04-09-2023 12:01
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін   мектебінде  2023-2024 жаңа оқ жылының басталуына орай  1 қыркүйек – Білім күні  «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбымен салтанатты жиын өтті. 
     Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндерін   салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры  А.Абдуалиева  мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады.  Айна Тілекқабыловна  өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталды.   Мектеп табылдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндер өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап ардагер ұстаз Қанат Д.К.  және ата-аналар комитетінің төрайымы Мақсұтова Н.Х.    сөз сөйледі.  Салтанатты жиында  мектеп оқушылары ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті.   Салтанатты жиыннан соң  барлық сынып оқушылары   «Мектебім-мерейлі мекенім!» атты алғашқы білім күні сабағына қатысты.