Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
16-08-2023 10:42

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Балқаш қаласы, Бөкейханов көшесі-17, Электронды  пошта: shkolashkola8@mail.ru

Анықтама үшін телефон: 8(71036)4-05-65.

             Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабына,мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына  сәйкес төмендегі бос лауазымдарға қабылдау үшін конкурс жариялайды.

-Орыс тілі пәнінің мұғалімі- 1 жүктеме  (16 сағат), тұрақты.

-Биология пәнінің мұғалімі-1 жүктеме (16 сағат) тұрақты.

-Информатика пәні мұғалімі-1 жүктеме (16 сағат)(уақытша бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан педагогтың орнына).

- Психолог -1 жүктеме (уақытша бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан педагогтың орнына).

- Аға тәлімгер - 1 жүктеме (уақытша бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан педагогтың орнына).

- Әлеуметтік педагог - 1 жүктеме (уақытша бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан педагогтың орнына)

-Кәсіптік бағдар беруші-1 жүктеме (уақытша бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан педагогтың орнына).

  1. Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты.
  2. Біліктілікке қойылатын талаптар:

   * біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

     * орта деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің курстары мұғалімдерінің техникалық және кәсіптік педагогикалық білім болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

* мұғалімдердің типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ)  «Педагог қызметкерлер мен оған теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік  сипаттамаларына сәйкес»  педагог- модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, мастер-педагог біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сай болу.

4. құжаттарды қабылдау уақыты: Конкурс жарияланған күннен бастап 7-күн.

 

 

5. Қажетті құжаттар тізімі:

  • Байқауға қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басты құжаттың көшірмесі;
  • Қадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады(нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен басйланыс телефондары көрсетілген болса);
  • Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, мастер-педагог біліктілік санатының сертификатының көшірмесі (бар болса);
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);
  • Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі) құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы және 5*6-2 дана, 3*4-2 дана фото;

Денсаулық жағдайы туралы анықтама (EGOV сайтынан алу);

Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы;

Наркологиялық ұйымының анықтамасы;

Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама;