1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні
24.04.2023 күні 1-11 сынып оқушылары арасында "1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні " мерекесіне орай, сынып сағаттары өтті. Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік. Көп ұлтты Қазақстан халқы бірлік пен татулықты сақтап келе жатыр. Оқушылар да сынып сағатында достық, татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, достықты әрқашан бағалайтынын білдірді.