«Мен есірткіге қарсымын!»
20 сәуір күні Балқаш қаласы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істер жөніндегі инспекторы Байбусинова Диана Онайбаевна және Балқаш қаласының прокурорының қатысуымен «Мен есірткіге қарсымын!» тақырыбында дәріс өткізілді. Есірткі қолданудың себептері білімсіздік, қызығу, қысым, әуестік екені айтылып, есірткінің зияны және оңай ақша табамын деп, шырмауға түсетіндері жайлы түсінік беру жұмыстары жүргізілді.