Онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы
2023-жылдың 31-наурызы күні облыстық білім басқармасы басшысының басқаруымен онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде:
1. Бірінші сыныпқа қабылдау туралы;
2. Қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру, зарарсыздандырум мәселелері туралы;
3. Қауіпсіз интернет. Ата-аналарға арналған кеңестер.
4. Балаңызды жоғалтып алмау үшін не істеу қажет. Баланың жеке басының мүддесі үшін отбасы мен мектептің серіктестігі туралы.
Жалпы ата-аналар жиналысына мектебімізден барлығы 120 ата-ана қатысты. Қамқоршылық кеңесінен 6 мүше қатысты. Ата-аналар өздеріне қажетті көптеген ақпараттар алып, сұрақтарға нақты жауап алды.