«Ерте жастан экологиялық мәдениет»
19-04-2023 23:44
2023жылдың 17-21 сәуір аралығында «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында «Жасыл Қазақстан» апталығы басталды.
Апталықтың мақсаты: экологиялық мәдениетті,табиғатқа,қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.    
Апталықтың барысында 17-21 сәуір аралығында жүргізілетін іс-шаралар таныстырылды.  Апталықтың ашылуына бастауыш,орта буын және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушыларын апталықтың барлық іс-шараларына қатысып,экологиялық сауаттылықтарын дамытуға атсалысуға шақырды.
Апталықтың жоспарындағы сыныптан тыс іс-шаралар әр сыныптарда бөлініп берілді.
1-күн. «Жер- біздің ортақ үйіміз»
Күн ұраны: «Ғаламшарды бірге сақтайық!»
1.Экологиялық сауаттылық апталығының ашылуына арналған саптық жиын өтті .Сонымен қатар 2.-4 сыныптар арасында «Жас экологтар»,5-8 сыныптар арасында «Мен және экология»,9-11 «Экология және денсаулық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.