«Ғылым және технология»
Мектебімізде «Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығы аясында жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының жабылуы бойынша 9 – сыныптар арасында физика пәнінің мұғалімі Д.К.Қанат «Ғарыш- қиял -ғажайып әлемі» атты сайыс өткізді. «Ғарыш- қиял -ғажайып әлемі» атты сайысының мақсаты: Ғарыш кеңістігін игеру, Жер бетінде ғарыштық мәліметтерді пайдалану, Кеплер заңдары, Ғаламшарлардың орналасуы, шоқжұлдыздар арқылы мінезді анықтай білу арқылы тарауды қалай меңгергендерін анықтау. Оқушылар екі топқа бөлініп төрт кезеңнен өтті. Сайыста оқушылар пікірлері талқыға салынып, қызығушылықпен қатысып, мадақтамалармен марапатталды.