«Физикалық калейдоскоп» Квест
Мектебімізде «Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығы аясында ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНІ тақырыбы бойынша 7 – сыныптар арасында «Физикалық калейдоскоп» Квест ойыны өтті. Квест ойынының мақсаты: Оқушылардың бойында бар білімді қолдануға және жаңа білім алуға бағытталған іздеу және зерттеу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру және дамыту. 7 – сыныптар арасында физикалық квест тапсырмаларын зерттеу және танымдық ойындар арқылы үш топқа бөлініп орындады. Квест ойыны өз мақсатына жетті, оқушылар қызығушылықпен қатысты, өз қабілеттерін шыңдады.