«Бауыржан Момышұлы атындағыжалпы білім беретін мектебі»КММ
12-04-2023 09:55

«Бауыржан Момышұлы атындағыжалпы білім беретін мектебі»КММ

2023жылдың 7 сәуірі күні  мектебімізде  «Бірге оқимыз: мұғалімдер мен мектептің кәсіби дамуы» тақырыбында дәстүрлі Мектеп күні өтті.

«Мектеп күні» аясында төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылды.

 «Теориядан практикалық іске асыруға дейін»  коучингтерінде мектептің көшбасшы мұғалімдері  «Lesson study» барысында мұғалім іс-әрекетті қалай жүргізеді?» тақырыбында  С.А.Мустафина, М.К.Жумабаева, «Зерттеу сабаған талдау және қайта жоспарлау» тақырыбында  А.Қ.Рысқұл,  С.Р.Рыскулова тәжірибелерімен бөлісе, Д.К.Қанат, А.Д.Мырзахметова «Зерттеу сабағына өзгерістер енгізу және қадағалау» тақырыбын ашып көрсете алды.  Зерттеу барысында педагогтің нақты іс-әрекетімен,  тәжірибелік кезеңдерінің тиімді тұстарымен бөлісті.  

 «Жаңа есім» Құндылық, білім, жаңа көзқарас бөлімінде мектепалды даярлық топ мұғалімі  П.Б. Алгадаева, «Біз нені үйрендік?», Дене шынықтыру мұғалімі А.Д.Кошкинбаев «Допты бір-біріне берудің әдіс тәсілдерін үйрету», бастауыш сынып мұғалімі А.К. Моншақбаева «Бекіту», математика пәнінің мұғалімі К.А.Аманжолова «Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері», ағылшын тілі мұғалімі А.О. Балыкбаева «Healthy food this relates to match and biology» тақырыбында сабақтар өткізді. Мұғалімдер сапалы білім беру үлгілерін, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының іс-әрекеті мен білім алу процесін бірлесе көрсете алды.