Азаматтық қорғаныс айлығы өткені туралы ақпар.
27-03-2023 00:16

Балқаш қаласы ТЖБасқармасының бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі

Б.Б.Арыстанбековке

 

 

2022-2023 оқу жылында Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де

Азаматтық қорғаныс айлығы өткені туралы ақпар.

          Қазақстан Республикасы 11.04.2014 жыл. «Азаматтық қорғаныс туралы» заңының 12 бабы, 1 тармағына сәйкес, 2023 жылдың 26.02-16.03. күндер аралығында  Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-детөтенше жағдайлардың алдын алу және оқушылар, мұғалімдер, қызметкерлерді ТЖ-дан қорғау мақсатында Азаматтық қорғаныс айлығы болып өтті.  2023 жыл наурыздың 01 күні Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебінде«Өндіріс зауытында авариялық жағдай орын алғанда (аммиак улағыш зат ауаға тарағанда)»  эвакуациялық оқу- жаттығуы өткізілді.

         Мектепте төтенше жағдайлардың алдын алу және одан қалай сақтануды насихаттау барысында мұғалімдер және оқушыларға төтенше жағдайлар инструктажы жүргізіліп, төтенше жағдайларында қандай шешім қабылдау алгаритімі туралы мағлұматтар, төтенше жағдайлар түріне байланысты іс-әрекеттер жасау туралы мағұлыматтар берілді. 4-9 сыныптарда азаматтық қорғаныс туралы насихаттар, төтенше жағдайлардағы қорғану құрал жабдықтарды қолдану жаттығулары көрсетілді. 10-11 сыныптар оқушыларына Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында төтенше жағдайлар туралы видео сабақтар өткізілді.

           1-наурыз Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне байланысты үгіт-насихат стендісі әзірленді, сол күні 7 «Ә» сыныбының 24 оқушысы ТЖБасқармасының ұйымдастыруымен өткен ТЖ көрмесіне қатысты. 13 наурыз күні 7 сыныптардың 15 оқушысымен қалалық СПЧ-5 өрт сөндіру бөліміне барып, төтенше жағдайларда қолданатын техникалармен танысып, оқушылар өздеріне Өрт сөндіру мамандығы туралы мағлұматтар алып қайтты.

 

 

Директор                           А.Т.Абдуалиева

 

 

Орын:М.А.Сатиев

Сот:87083979864

 

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ