‘The world aroud us’ – Мир вокруг нас” атты сурет көрмесі
27-03-2023 00:06
14.03.2023 
  Апталықтың келесі  14 наурыз күнінде  2-5 сыныптар арасында   ‘The world aroud us’ –“ Мир вокруг нас” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Балалар өздерінің  суреттерінде ағылшын, орыс тілінде оқыған  сүйікті ертегілерін бейнеледі, Ұлыбритания, Америка  елінің көрікті жерлерін салды,ал 2- сынып оқушылыры өз аналарын құттықтаған ашық хаттарын ұсынды.  Оқушылардың осындай шығармашылықтарынан  шет тіліне деген құлшыныс байқалды.
15.03.2023
Мектебімізде шет тілі апталығы жалғасуда. Бүгін 7 Ә сыныбынды   ' Unit revision ' атты қорытынды қайталау сабағы болып өтті. Оқушылыр 3 тоқсандағы оқыған  білімдерін ортаға салды.  Ойын жарыс ретінде өтті. Оқушылар  өзара ТИК-ТОК, ИНСТАГРАМ атты 2 топқа бөлініп  идеялар айтып айтылым дағдысын дамытты, тыңдалым тапсырмасын жасады, TARSIA.com, Umaigra.com., ‘Who wants to be a millionare?’ ойындарына қатысып   ұпай жинап, ең соңында қорытынды тест орындап,өз-өздерін бағалады. Бүркітбай Нурислам, Омарбаев Бекасыл, Асылжан Ақылжан, Талғат Сұлтанбейбарыс,Ермуха Алан сабақта аса белсенділік танытты.