2023 жылдың ақпан айының 27 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ – нің асханасында тамақтандыру жұмысының ұйымдастырылуына жоспарлы бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында:
Келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы;
Отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ-KZ сертификаттардың болу;
Дайындалған тағамдардың сапасы;
Технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы;
Азық түліктердің, дайын тағамдардың сақталуы және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы;
Ас мәзірінің сәйкестігі.
Санитарлық жағдайы.
Бақылау барысында асхана қызметкерлерінің санитарлық талапқа сай жұмыс атқарып отырғандығы және азық-түлікті пайдалану мерзімінің, ас мәзірінің мәзірге сәйкестігі талапқа сай екендігі анықталды.