Ата-аналар жиналысы
2023 жылдың 17-ақпаны күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа СПИД центр орталығының эпидемиологиялық дәрігері Батырбекова А.А., №1 поликлиниканың психологы Сералықызы А., кәмелетке толмағандаржөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрбек А.С., және мектеп психологы Абдуалиева З.Н. қатысты. Күн тәртібінде: 1.Нашақорлықтың алдын алу; 2. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық; 3. Электронды сигареттің бала денсаулығына зияны туралы; 4. Буллинг және оның алдын алу мәселелері қаралды. Жиналысқа барлығы 92 ата-ана қатысты. Барлық мәселелер бойынша ата-аналарға толық түсініктеме берілді.