2023 жылдың қаңтар айының 31 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ – нің асханасында тамақтандыру жұмысының ұйымдастырылуына жоспарлы бақылау жүргізілді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс - аяқтардың тазалығы дұрыс, азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық - гигиеналық талапқа сай. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.