«Зейін» жобасы аясында
Ақпар
05 желтоқсан күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, «Тарих толқынында» атты тарихи сауаттылық апталығы аясында 1-11 сыныптар арасында Тәуелсіздік күніне арналған апталықтың ашылу салтанатты жиыны өтті.
Тарих пәнінің мұғалімдері егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу жолындағы қол жеткізген белестерін атай келе,толағай табыстарымызға тоқталып, оқушыларға осы тәуелсіздікті дәріптеу қажет екендігіне баса айтты. Тарих пәнінің мұғалімі Л.Скакова апталық барысында өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.