Зиянды заттар және әдеттерін алдын алу туралы кездесудің ақпары
Қарашаның 11 жұлдызында мектеп медбикесі мен поликлиника қызметкері Батырбекова Айгүл Абдолқызы мектеп оқушыларымен 8-11 сыныптар арасында Зиянды заттардың әдеттерін алдын алу туралы әңгіме жүргіздік. Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болатындығы жайлы айтылды. Оқушылар өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойды және сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.