«Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясы»
03-11-2022 09:16

2022 жылғы 01-қараша  күні  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген  «Қазақ тілін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясы» оқыту семинарында мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Жұмабаева «Қазақ тілі сабағында құрмалас сөйлем түрлерін оқытуда сатылай кешенді талдауды қолдану» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды.