«Көркем еңбек» пәнінің оқу үрдісін құндылықтарға бағыттау»
2022 жылғы 01-қараша күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Көркем еңбек» пәнінің оқу үрдісін құндылықтарға бағыттау» оқытуы семинарында мектебімізден көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ж.К.Жетписбаева «Көркем еңбек пәнін оқытудағы функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Шара барысында, көркем еңбек пәнін оқытуда оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті.