12.09.2022ж мектеп кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған 05-16 қыркүйек аралығында өткен «Тіл кемел болашақтың тұғыры » атты декада аясында педагог, әдебиет зертеушісі, Әліппенің атасы, аудармашы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына байланысты «Тілің сенің тірегің» әдеби жәрмеңке ұйымдастырылды
Кітапханашы З.Шайбекова: «1998 жылдан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылы Үкіметтің «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды» -дей келе оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының саналы ғұмырында елі, халқы үшін істеген игі істерін үлгі ету мақсатында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұматтар беріп, Ахмет Байтұрсыновтың тіл туралы тағлымды ойларына тоқталып өтті.