“ Мектеп күні”
08.04.22 күні “ Мектеп күні” аясында ашық сынып сағаттары өткізілді.
6А сыныбында оқушыларға ерте жастан кәсіптік бағдар беру мақсатында
«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбы бойынша Ж.Ершаева тәрбие сағатын өткізді. Мұғалім балалардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы пікірлерін айтып, ой бөлісті. Оқушылар да мамандық таңдауда жауапкершілік, мамандық таңдау түрлері мен олардың адам өміріндегі маңызын талдап айта білді.. Өткізілген шара оқушыларымыздың ойына толғам, қиялына қанат бітірді.
3В сыныбында қаламыздың 85 жылдығына орай «Балқашым-бағым» тақырыбында сынып жетекшісі А.Минуарова тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Балқаш қаласы туралы толық мағлұматтар бере отырып, оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру болды. Оқушылар қаламыздағы көрікті жерлерін сипаттай отырып, көше аттарын білетіндіктерін көрсетті. Оқушылардың өздері тұратын көшелері жайлы ата-аналарының да дайындаған бейне роликтері көрсетілді. Сабақ барысында оқушылар қала туралы толық мәліметтер біліп, қала жетістіктерін, қала көшесінің атауларын біліп, өздерінің қалаға арнаған өлең жолдарын да айтуды ұмытпады. Сабаққа оқушылар белсенді қатысты.
Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.
Мектеп жұмысының бір бағыты-жасөспірімдерді патриотизм жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. Осы мақсатта 10-сынып жетекшісі Г.Айтқұлова «Өмірі өнеге болған-Бауыржан» тақырыбында зияткерлік ойын түрінде тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар Б.Момышұлының өмірі, отбасы, ерлігі, жазушылық қыран қарастырылған сұрақтар бойынша өткізілген шара қызықты да, тартымды болды. Оқушылар «Ұшқан ұя», «Шуақты күндер», «Волоколамское шоссе» т.б, шығармалар аясында меңгерген білімдерімен бөлісіп, өздерінің танымдық ой-өрістерін кеңейтті. Шара соңында жеңіске жеткен топтар марапатталды.