«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
14.03 2022 жылы № 8 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 4-сынып оқушыларының қатысуымен оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт – дәстүрлерімен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау,еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында «Достықпен ынтымақтастықты дәріптеу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Кітапханашы З.Шайбекова оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің тарихына шолу жасап, кітап көрмесіндегі «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты энциклопедиялармен таныстырып өтті.Сонымен қатар мемлекетімізде
көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тең құқықпен өмір сүріп жатқандығы туралы айтып,оқушыларға үлгі етті.
Оқушылар осы іс-шараға қазақ халқының ұлттық ойындарын, тағамдарын, Наурыз бата-тілектері туралы өз ойларын жарыса айтып,қызығушылықпен қатысты. Шара соңында 4 а сынып оқушысы Шынарбек Қасабек оқушыларға бата берді.