Размер шрифта:
«Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында әкелер кеңесінің құрамымен кездесу
22-02-2022 07:28

«Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында әкелер кеңесінің құрамымен кездесу

 

          Мектебіміздің әлеуметтік педагогы әкелер кеңесінің құрамын қатыстыра отырып «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында 7-11 сыныптың ұл балаларымен қашықтықтан кездесу өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыра отырып, Конституцияны т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Әкелер кеңесінің төрағасы М.Қ.Джуматаев алдымен оқушыларға кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігітуралы сұрақтар қойды. Олардың жауаптарын тыңдағаннан кейін Қылмыстық Кодексінің 39 бабында қарастырылған он екі жазаның ішінде кәмелетке толмағандарға мына жеті жаза түрлері ғана тағайындалатынын және оларға жіті тоқталып өтілді.