«БП оқушылардың білімін бағалаудың он балдық жүйесін енгізу негізсіз деп санайды»
19.01.22 күні «Өркен» дебат клубының ұйымдастыруымен «БП оқушылардың білімін бағалаудың он балдық жүйесін енгізу негізсіз деп санайды» тақырыбында дебат ойыны өтті. АПФ форматында өткізілген ойынға 8-10 cынып оқушылары қатысты. Әр түрлі көзқарас, әр түрлі пікір қалыптасып, сан қырлы аргументтер оқушылардың жан-жақтылығын көрсете білді. Тартысты ойын нәтижесінде «Үкімет» тарабы жеңіске жетті.