«Туберкулез тез емделеді»
21-01-2022 11:22

Мектебімізде 2022 жылдың 19-қаңтар күні мектеп медбикесі қаламыздың фтизиатор дәрігері Маканалина Кулшайра Шариовнаның қатысуымен «Туберкулез тез емделеді» тақырыбында 9-сыныптың оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Мақсаты: Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру, туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.