"XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!"
21-01-2022 11:18

Мекебімізде 17-22.01.2022ж. аралығында ұйымдастырылған"XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!" облыстық оқу сауаттылығы апталығы аясында 1-2 сынып оқушылары арасында "Ұланымыз ұлы елдің!" атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін, табиғатын аялауға, ата-ананы қадірлеуге, отансүйгіштікке, интеллектуалды шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.Іс-шара барысында оқушыларға еліміздің 7 кереметімен,т әуелсіздікке байланысты салған өздерінің суреттерімен таныстырылып, өлеңдер оқылып, оқушылар топпен постерлер құрастырды. Сынып сағаты өз деңгейінде өтті.