"XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!"
Мектебімізде 17.01.2022ж. күнінен бастап, "XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!" облыстық оқу сауаттылығы апталығы аясында 10Асынып оқушыларының бойында елін, жерін, табиғатын аялауға, ата-ананы қадірлеуге, отансүйгіштікке баулу мақсатында «Ұлт болашағы жастардың қолында!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатында оқушылар:
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар деген халық даналығы төңірегінде ой қозғап, еліміздің болашағына қандай да бір үлесімді қоссам деген ойларын ортаға салды. Сынып сағатында еліміз жайлы бейнеролик тамашалап, ойлары аяулы ата-бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы бақыт, еліміздің жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ! деген оймен түйсті.