Жолда жүру ережесі
Қаңтар айының 17-ші жұлдызында сыныптарда оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Сынып жетекшілер сабақ барысында тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеуге шақырды.