«Ізденіс»
13-12-2021 20:08
11.12.2021 күні мектебімізде «Ізденіс» шығармашылық тобының ««Педагогикалық ізденіс-кәсіби өсу кепілі»  атты педагог қызметкерлерінің ғылыми-сараптамалық отырысы өтті.
Ғылыми-сараптамалық отырыстың  мақсаты :жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайларында білім сапасын арттырудың жаңа тәсілдерін оқып-үйренуде ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.
Отырысқа  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмаш М.М, бастауыш пәні мұғалімдері  Тлеуберлина Г, Ахаева А , Динахметова Г.С,физика пәні мұғалімі Ершаева Ж. М, ағылшын пәні мұғалімі Оспанова А, өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Сараптамалық кеңес мүшелері мұғалімдерге ұсыныс пікірлерін айтты .Жұмыстарын әлі де өңдеп, толықтырулар енгізу қажет екенін ескертті.