«Аң патшасы арыстан»
13-12-2021 20:00
2021 жылдың 10-желтоқсан күні облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастырумен “Тарих толқынында” тарихи сауаттылық апталығы аясында «Ертегілер әлемі-әлем халықтарының ертегілері»  тақырыбында  4-сынып оқушылары орыс халқының  «Аң патшасы арыстан» ертегісінен қойылым көрсетті.  Өздеріне бөлініп берілген кейіпкерлерді  оқушылар  нақышына келтіре  ойнап, орындады. 
  Өздері қойған сахналық  қойылым арқылы  балалардың ой өрісін-кеңейіп,   сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге  себебін тигізді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу  арқылы балалардың қиялдау, елестету қабілеттері  дамыды.