«Қазақстан –кеше,ертен,бүгін»
08.12.21 ж. күні Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Тарих толқынында» атты сауаттылық апталығы аясында 10-11 сыныптар арасында тарих пәнінің оқытушылары З.Жакупова мен Л.Скакова Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Қазақстан –кеше,ертен,бүгін» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Тәуелсіз елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу жолындағы қол жеткізген белестерін атап,толағай табыстарға тоқталды. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі құтты болсын.