«Тарих толқынында»
2021 жылдың 6 күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тарих толқынында» атты тарихи сауаттылық апталығында 3-4 сыныптар арасында «Мен бәрін білгім келеді» атты викториналық ойын өткізілді. Әр сыныптан алғыр оқушылар жиналып топтарға бөлінді. Әр топты 3 оқушы құрады.
Мақсаты: өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының тарихы мен ежелгі мұраларын сыйлап, қазіргі замандағы бейбітшілік өмірге қалай жеткеніміз жайлы түсіндіріп, Туған жерді қастерлеу, құрметтеу, т.б. паториоттық сезімді бойына сіңірту.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша тапсырмалар әр түрлі деңгейде ұйымдастырылды. Кезең сайын қиындай түсіп, жеңілген топтар ойыннан шығарылып отырды. Ең соңында 4А, 3Б, 3А, 4Ә сыныптары жеңіске жетіп, өздерінің тарих жағынан осал емес екендерін дәлелдеді. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.