«Сапта жүріп ән айту»
13-12-2021 19:37
2021-2022 оқу жылында желтоқсан айының 4-і күні Тәуелсіздік күніне орай 4- сыныптар арасында оқушыларды патриотизмге баулу мақсатында мектебімізде алғашқы әскери дайындық жетекшісі М.Сатиевтің ұйымдастыруымен «Сапта жүріп ән айту» сайысы өткізілді. Сайысқа барлығы үш сынып командалары қатысты.
Әр сынып әскери нысана киімдерін киіп жақсы дайындықпен саптық түзеуді көрсетті. Топтар ұйымшылдықпен бұйрық беру, сап және оның элементтерін, пәрмендерді орындау түрлерін орындады. Сайыс соңында , «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары дефиле көрсетті.
Сап түзеудің соңында қазылар алқасы аталған сайыс кезеңдерін бағалап, жүлделі орындармен марапаттады. Сайыста жақсы көрсеткішпен жоғары ұпай жинап, І жүлделі орынға 4 Б сыныбының «Теңізшілер » тобы алға шықты. Шара барысында VIІ Республикалық «Айбын-2021»
әскери-патриоттық жиынына қатысқан «Жас Сарбаз» командасының қатысушылары марапатталды.