2021 жылдың 22-26 қарашасы аралығында қала мектептерінде «Біздің мектептің асханасы!» акциясы өтеді!
Акция аясында «Қамқорлық» фракциясының депутаттары келесі іс-шараларды ұйымдастырады:
1. 22.11.2021 ж. – 26.11.2021 ж. « Біздің мектеп асханасы!» стенд
2. 24.11.2021. «Сізге мектеп асханасы ұнай ма?» оқушылармен сауалнама алынды.(Бейнежазба)
3. 25.11.2021 ж. «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану ережелері», «Дұрыс тамақтану» туралы презентациялар көрсету және бейнематериал көрсетілді.
4. 26.11.2021 ж. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру бойынша бракераж және өзін – өзі басқару комиссиясымен тексеріс өткізілді.
Акция барысында келесі мәселелер қарастырылады:
1. Тамақтанумен қамту;
2. Санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;
3. Еңбек гигиенасы;
4. Дайын өнімнің сапасы;
5. Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.
6. Калькуляциялық және брокераждық журналдың болуын тексеру;
7. Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
8. Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
9. Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекциялық құралдардыңболуын тексеру;