«Тәуелсіз Қазақстанға -30 жыл»
28-11-2021 20:31

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 25 қарашасы күні Оқушылар сарайында «Тәуелсіз Қазақстанға -30 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның мақсаты оқушылардың бойынаіргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тәуелсіздігіміздің маңыздылығын талқылады.