«Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процессінің барлық деңгейін жетілдіру
10-11-2021 19:50
Қарағанды облысы Балқаш қаласының білім бөлімінінің «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылдың 2 қарашасында информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процессінің барлық деңгейін жетілдіру, жаңашылдық енгізу»атты тақырыпта мұғалімдерге арналған семинар (Excel,Quzizz,Padlet,Googl форма, Google jomboard,diagrams.net) өтті.Мақсаты: Мұғалімдердің сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолданудағы құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында Excel,Quzizz,Padlet,Googlе форма, Google jomboard,diagrams.net сияқты платформалармен қалай жұмыс жасау керектігі туралы түсіндірілді.