«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлық барысында өткен сынып сағаттары
Мектебімізде қазан айының 20-сынан қараша айының 20-сы аралығында оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында «Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық айлығы жүріп жатыр.
25-қазан үні «Бала құқығы – адам құқығы», «Баланың құқықтары» және «Бала құқықтары туралы конвенциясы» тақырыптарында 7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларды өмір қауіпсіздігін сақтау, үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, балаларды өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.