"Қыз бала тәрбиесі және гигиенасы"
10-10-2021 21:22
09.10.2021ж 8-11 сыныптың қыз балалары арасында "Қыз бала тәрбиесі және гигиенасы" тақырыбында жиналыс  өткізілді. Жиналысқа /1  поликлиника қызметкері, эпидемиологиялық дәрігер Батырбекова Айгүл Абдоллаевна, мектеп дәрігері Сатбекова Мақпал Қалиасқаровна, психолог Абдуалиева Замза Нұргазиевна қатысты.
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз балаға гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету. Өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру;
Сонымен бірге, тақырыпқа қатысты оқушыларға бейнебаян көрсетіліп,  үнпарақ таратылды.