Мектеп қызметкерлері арасында жүргізілген жиналыс
22-09-2021 20:38

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№8 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп қызметкерлері арасында жүргізілген  жиналыс 

ХАТТАМАСЫ

 

 

Күні:  13.09.2021ж

Қатысқандар: 95  қызметкерлер 

 

                                Күн тәртібінде:

1.     Терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы

 

          Алғашқы әскери дайындық мұғалімі  Сатиев М.А.

Тыңдалды:

      Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер ұйымдастыру «терроризм» деп аталады.

ЖАРЫЛҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Антенна

Сағат тетігінің дыбысы

Сыртқа шығып тұрған әртүрлі сымдар

Оқшаулағыш таспа

Иесі жоқ заттар т.б.

                    Күдікті зат табылған кездегі іс-әрекеттер:

1. Табылған күдікті затқа тиіспеу, жақындамау, орнынан

     қозғамау! Затқа жақын жерде шылым тартпау, ұялы телефон

     байланысын қолданбау.

2. Күдікті заттың табылуы туралы мектеп басшысына дереу

    хабарлау және құқық қорғау органдарына көрсетілген

    телефондар бойынша кешіктірмей хабар беру.

3. Табылған уақыты мен орнын белгілеп алу;

4. Қауіпті аймақты радиусы кем дегенде 100 метрге дейінгі жерді

    адамдардан босату.

5. Күдікті затқа және қауіпті аумаққа мүмкіндігінше күзетті

    қамтамасыз ету.

6. Дүрбелең тудырмау. Адамдарды қауіпсіз аумаққа

     эвакуация жасау.

7. Құқық қорғау органдарының өкілі келгенге дейін күту, 

    күдікті зат  жатқан жерді, ол табылған уақыт пен жағдайды

    көрсету.

 8. Бұдан әрі қарай құқық қорғау органы өкілінің нұсқауы

     бойынша әрекет ету.

 ЕГЕР

Сіз қоғамдық орында белгісіз, иесіз, сезікті зат, қорап немесе

сөмке, портфель тауып алсаңыз.

оған тиіспеңіз, ұстамаңыз, ашпаңыз 

қасына жақындамаңыз, жылжытпаңыз

оның жанында ұялы телефон, рация қолданбаңыз, от жақпаңыз 

сезікті  затқа сұйқтық құймаңыз

сізікті  затты мүмкін болса қоршаңыз

зат табылған уақытты еске сақтаңыз

полицияға «102» телефонына хабарлаңыз

 

ЖАРЫЛҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ОРНАТЫЛУЫ  МҮМКІН ОРЫНДАР

Қоғамдық орындар –

базарлар, қоғамдық

көлік аялдамалары,

дүкендер, сауда және

ойын-сауық орталықтары, алаңдар,

саябақтар,

көлік құралдары.

 

ЕГЕР ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ОРЫН АЛСА

жарылыс болған жерге бармаңыз

оқиға болған жерден аулақ жүріңіз

ғимараттың бұрышына жасырыныңыз

дереу жерге жатыңыз, басыңызды

қолмен жабыңыз

ыңғайы келсе «102» телефоны полицияға хабарлаңыз

зардап шеккендерді құтқарыңыз

   

Қаулы:

Барлық қызметкерлер терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттерді назарда ұстасын.