Терроризм актісі жасалған жағдайдағы іс-қимыл
22-09-2021 16:57

 

2021 жылдың  22- қыркүйек күні  1-11 сынып  оқушылар арасында терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы мектептің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Сатиев М.А. түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға террорлық шабуылдар мен өзге төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі түсіндіріледі. Күдікті зат табылған кезде, жарылыс пен эвакуация кезінде не істеу керегі толық жазылған жаднама таратылады.