«Тіл- татулықтың тірегі»
Балқаш қаласы білім бөлімі «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде «Тілдер апталығы» аясында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абдуалиева Замза Нургазиевнаның жетекшілігімен 9-сынып оқушылары арасында
«Тіл - татулықтың тірегі» атты интеллектуалдық сайыс жүргізілді. Сайыс мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; ой—өрісін дамыту болатын. Сайысқа арнайы әділқазылар алқасы қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Кәрібай Қ., мектебіміздің кітапханашысы Тоқтамыс Г. сайланды.
Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл - халық тарихы, тіл - ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
Интеллектуалдық ойынға қатысқан 3 топ 4 кезеңнен тұратын сайыста өз шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әділқазылардың шешімі бойынша 9В сыныбы 1-орын, 9А сыныбы 2-орынмен марапатталды.