«Тіл- халықтың күретамыры»
13-09-2021 16:45
«Тіл- халықтың күретамыры»
Мектебімізде оқушылар арасында «Тіл- халықтың күретамыры» атты тақырыпта пікір алмасты өтті. Мақсаты туған тілімізді құрметтей білуге баулу, сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой- өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Біздің еліміз- көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастердеуге, құрметтеуге тәрбиелеу біздің басты шартымыз.Тақырыпқа арқау болу үшін ең алдымен оқушыларға «Тіл тағдыры» атты бейне ролик көрсетілді. Өз ойларын түсіндіріп, ортаға салып, белсенділік көрсетіп, дәлелдер келтірді.