Қауіпсіздік шаралар!!!
14-06-2021 13:13
Мектебіміздің оқушыларына «Zoom» платформасы арқылы жазғы демалыста суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы нұсқаулықтар беріліп, судағы қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жаз айлары — су айдынында шомылу үшін өте қауіпті уақыт. Суда болатын оқиғалардың басты себебі адамдардың жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтардың болмауы, су маңында үлкендердің қарауынсыз, жалғыз қалуы жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін дұрыс есептемеуі шомылуға арналмаған жерде суға түсу.
Суға кету, басқа да қауіпті жағдайларының куәсі болсаңыз "111" сенім телефонына немесе"112" құтқару қызметінің телефонына қоңырау соғу керек екенін түсіндірді. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін шомылу маусымында сақтық шараларын қатаң ұстау қажетігін ескертті.
Возможно, это изображение (1 человек)