«Балалар не туралы армандайды?»
14-06-2021 11:00
Адам баласының арманы көп , армандар адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге , батыл әрекеттерге жетелейді. Мектебіміздің 10-15 жас аралығындағы блогер балалардың арасында «Балалар не туралы армандайды?» атты видео байқау өтті. Әр оқушы өз өмірінің бақытты болғанын арман ететіндігі және ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылатындығы жайлы өз ойларын айтты. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз.