«Бала құқығы – адам құқығы».
2021 жылғы 1 – 12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын аясында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында қашықтықтан кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Балаларға олардың құқықтары туралы түсінік беру. Құқықтық дүниетанымдары мен адамгершіліктерін дамыту. Кездесуге мектебіміздің әкелер кеңесінің төрағасы, заңгер М.Қ.Джуматаев қатысты. М.Джуматаев мырза «Әр адам –өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі.Әр елдің өз адамдарына арнаған Ата Заңы- Конституциясы болатынын және ол жерде жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылғандығын айтып өттті. Содан кейін оқушылардан Ата-Заңымыз туралы сұрап өтті. Оқушылар заңгердің сұрақтарына жауап беріп, білмеген жерлері болса сұрап отырды. Заңгердің кеңестері оқушыларға көптеген маңызды ақпараттар берді.