«Жасөспірім, еңбек және көше» рейді ұйымдастырылды.
Жұмыс істейтін кәмелетке толмағандарды, қараусыз және қадағалаусыз жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Жасөспірім, еңбек және көше» рейдін ұйымдастырылды. Рейд барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінен құрылған топтар қаламыздың орталық саябағы мен тамақтану орталықтарында, жастар көп шоғырланатын орындар мен мәдениет сарайының жанынан жүріп өтті. Рейд кезінде қараусыз, қадағалаусыз жүрген, жұмыс жасайтын жасөспірімдер кездескен жоқ.