«Бала еңбегі, иә және жоқ»
02.06.2021 жылы мектеп кітапханасында «Бала еңбегі, иә және жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттілігі туралы, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Кітапханашы: Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң – 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген. Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқықғы туралы» Заң қабылданды. Бұл заң 1тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойылды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
![Возможно, это изображение (2 человека)](https://scontent.fala5-2.fna.fbcdn.net/v/t1.6435-9/195822218_992447998246754_7703367644829919891_n.jpg?_nc_cat=111&ccb=1-3&_nc_sid=8bfeb9&_nc_ohc=4OT9dQJRsEIAX8SoYGX&_nc_ht=scontent.fala5-2.fna&oh=174502adb42c8a5d27f066ddb4d4aaa9&oe=60DD9F4F)