«Өлкенің гүл жайнаған балғындары »
01-06-2021 08:46

Жаздың алғашқы күнінде 1-маусым Балаларды қорғау күні №8 жалпы білім беретін мектебінде балалар үшін әр түрлі шаралар өткізді. Мерке күні сынып жетекшілер «Өлкенің гүл жайнаған балғындары » тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, балалар қолдарынан шыққан туындылардан сурет байқауын ұйымдастырды. Суреттер көңілді,бояуы қанық, ерекше болып шықты. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға кинотеатрға баруға балалар саябағында демалу үшін билеттер үлестірілді. "Балаларға қамқорлық" акциясы аясында бірнеше оқушыларға кәсіпкерлер көмегімен азық-түлік жинағы табысталды. Мереке күні мектеп директоры А.Токейбекова үлкендердің қамқорлығын үнемі қажет ететін балаларға ерекше көңіл бөлуді еске салатын маңызды мереке иелерін құттықтады.

Возможно, это изображение (4 человека, ребенок и люди стоят)

Возможно, это изображение (6 человек, ребенок и люди стоят)